OpenAI

2026 ж. 10 сәуір

OpenAI академиясы

Денсаулық сақтау

Клиникалық жұмыс үдерістері мен шешім қабылдауға көмектесетін ЖИ ресурстары.

Бұл бетте ЖИ күнделікті клиникалық жұмысқа қалай көмектесе алатынын көрсететін практикалық мысалдар жинақталған. ЖИ қолданудың алғашқы мүмкіндіктерін зерттеп жүрсеңіз де, оны енгізіп жатқан командаларға қолдау көрсетсеңіз де, осы көмексөздер мен нұсқаулықтар алға сенімді қадам басуға көмектеседі.

Клиникалық мамандарға арналған көмексөздер

Клиникалық мамандар ғылыми дәлелдерді іздеуге, нұсқаулықтарды өзара салыстыруға және көрсетілген көмекті құжаттауға көп уақыт жұмсайды. Бұл уақытты пациенттерге арнауға болар еді. Денсаулық сақтау саласына арналған ChatGPT⁠ — аурухана мамандары үшін жасалған, HIPAA талаптарына сай пайдалануға арналған қауіпсіз жұмыс кеңістігі. Ол сенімді медициналық дереккөздерге сілтемелермен жауап береді.

Ол клиникалық құжаттардың жобасын жасауға, сақтандырушының алдын ала мақұлдауына өтінімдер дайындауға және пациент туралы ақпаратты жинақтауға көмектеседі. Осылайша әкімшілік жүктемені азайтып, медициналық көмекке көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Төмендегі көмексөз үлгілері клиникалық мамандардың Денсаулық сақтау саласына арналған ChatGPT өнімін күнделікті жұмыс үдерістерінде қалай қолдана алатынын көрсетеді.

Қолдану жағдайы

Көмексөз мысалы

Көмексөз үлгісі

Тиісті диагностикалық зерттеулерді таңдау

I am a hospitalist seeing a 62-year-old man with diabetes and chronic kidney disease who presents to the emergency department with fever, shortness of breath, and new confusion.

Based on this presentation, outline a focused diagnostic workup and test selection, including labs, imaging, and microbiology, to evaluate for sepsis and possible pneumonia, and explain how the results would guide initial management in an acute care hospital setting.

Мен [clinical role, e.g., hospitalist, emergency physician, ICU fellow, NP, PA] ретінде [care setting, e.g., emergency department, ICU] жағдайында [chief complaint(s)] шағымдары және [key acute symptoms or signs] белгілері бар, анамнезінде [key past medical conditions] көрсетілген [age] жастағы [gender] пациентке көмек көрсетіп жатырмын. 

Осы клиникалық көріністі ескере отырып, [suspected condition(s), e.g., sepsis, pneumonia, PE, stroke] бар-жоғын анықтау үшін [diagnostic methods, e.g., labs, imaging, microbiology] арқылы жүргізілетін нысаналы тексеру жоспарын және қажетті зерттеулерді ұсыныңыз. Нәтижелердің [clinical setting] жағдайында [initial management, triage, or treatment decisions] бойынша шешімдерге қалай ықпал ететінін түсіндіріңіз.

Ажыратпалы диагнозды талдау

I am a clinician conducting a routine clinical assessment of a 28-year-old woman presenting with unilateral knee discomfort, intermittent calf tightness, and chest wall soreness after recent prolonged travel and increased physical activity. 

Generate a prioritized differential diagnosis and explain how patellofemoral pain syndrome can be distinguished from muscle strain, costochondritis, and stress-related symptoms using history, physical examination, and basic diagnostic evaluation.

Мен [clinical role, e.g., emergency physician, hospitalist, urgent care PA] ретінде [care setting] жағдайында [chief complaint] шағымы және [key symptoms or exam findings] белгілері бар [age] жастағы [gender] пациентті тексеріп жатырмын.

Осы клиникалық көрініс үшін ықтимал диагноздарды басымдығына қарай реттеп, ажыратпалы диагноз жасаңыз. Әр диагнозды анамнездің, тексерудің немесе бастапқы зерттеулердің қандай деректері растайтынын не жоққа шығаратынын түсіндіріңіз.

Содан кейін пациентті тікелей қарап-тексеру, зертханалық талдаулар және бейнелеу зерттеулері арқылы [primary suspected condition] диагнозын [alternative diagnosis #1], [alternative diagnosis #2] және [alternative diagnosis #3] диагноздарынан қалай ажыратуға болатынын түсіндіріңіз.

Жоспар құру

I am a hospitalist managing a 74-year-old woman admitted with decompensated heart failure and worsening kidney function. Provide a problem-based assessment and plan covering volume management, medication adjustments, and discharge planning.

Мен [clinical role, e.g., hospitalist, ICU attending, NP, PA] ретінде [primary diagnosis] диагнозымен және [key complicating problems] қосымша мәселелерімен ауруханаға түскен [age] жастағы [gender] пациентті емдеп жатырмын.

Әр клиникалық мәселе бойынша бағалау мен емдеу жоспарын жасап, мыналарды қамтыңыз:

Әр өзекті мәселенің негізінде жатқан патофизиологиялық механизмдер

Динамикасын қадағалау немесе нәтижесін бақылау қажет диагностикалық зерттеулер

Емдеу жоспары (дәрі-дәрмек, сұйықтық енгізу, емшаралар, мониторинг)

Емді әрі қарай қайда жалғастыруды және ауруханадан шығаруды жоспарлау

[comorbidity or complication] емдеу тактикасына қалай әсер ететінін және қандай жағдайда медициналық көмектің қарқындылығын арттыру не азайту қажет болатынын атап көрсетіңіз.

Пациентті қабылдау нәтижелерін құжаттау

I am a pediatrician seeing a 3-year-old boy with fever, cough, and wheezing. Write a concise but thorough clinical note for suspected viral bronchiolitis, including history, exam, assessment, and plan.

Format it the way it would appear in a real chart.

Мен [clinical role, e.g., pediatrician, family medicine physician, resident] ретінде [clinic / ED / hospital] жағдайында [chief complaint] шағымы және [key symptoms] белгілері бар [age] жастағы [gender] пациентті қабылдап жатырмын.

Мыналарды қамтитын ықшам, бірақ толық клиникалық жазба дайындаңыз:

Осы аурудың анамнезі

Анамнездегі маңызды деректер және қабылдайтын дәрі-дәрмек

Нысаналы физикалық тексеру

Ажыратпалы диагнозды қамтитын клиникалық бағалау

Жоспар (диагностика, емдеу және кейінгі бақылау)

Оны нақты медициналық картадағы жазбаға сай рәсімдеңіз.

Пациентке кеңес беру және келесі қадамдарды белгілеу

I am an endocrinologist counseling a 60-year-old woman newly diagnosed with type 2 diabetes. Write patient-friendly after-visit instructions covering medications, diet, glucose monitoring, and when to seek care. 

Мен [clinical role, e.g., endocrinologist, primary care physician, nurse practitioner] ретінде [diagnosis] диагнозы қойылған [age] жастағы [gender] пациентке кеңес беріп жатырмын.

Қабылдаудан кейін орындауға арналған, пациентке түсінікті нұсқаулық жазып, мыналарды түсіндіріңіз:

Аурудың мәні

[medications] дәрілерін қабылдау тәртібі

Тамақтану, өмір салты және денсаулық жағдайын бақылау жөніндегі негізгі ұсыныстар

Шұғыл медициналық көмекке жүгінуді қажет ететін қауіпті белгілер

Денсаулық сауаттылығы [health-literacy level] деңгейіндегі пациентке түсінікті, арнайы терминдерсіз қарапайым тіл қолданыңыз.

Көмектің келесі кезеңіне қауіпсіз өту

I am a hospital discharge planner coordinating care for a 72-year-old woman recovering from a hip fracture. Outline how you would communicate key issues to home health, physical therapy, and the primary care physician.

Мен [clinical role, e.g., hospital discharge planner, hospitalist, case manager] ретінде [hospitalization or condition] кейін ауруханадан шығарылатын [age] жастағы [gender] пациентке көрсетілетін көмекті үйлестіріп жатырмын.

Төмендегілерге жеткізілуі тиіс негізгі ақпаратты көрсетіңіз:

[receiving provider, e.g., primary care physician]

[home health or rehab service]

[specialist, if applicable]

Өзекті клиникалық мәселелерді, дәрі-дәрмекті, нәтижесі әлі дайын емес зерттеулерді, функционалдық жағдайды және кейінгі бақылау қажеттіліктерін қамтып, пациентті басқа маманның бақылауына беруге арналған түсінікті қысқаша мәлімет түрінде рәсімдеңіз.

Ғылыми дәлелдермен салыстырып тексеру

I am a cardiologist reviewing care for a 65-year-old man with new-onset atrial fibrillation. 

Summarize the current guideline-based recommendations for anticoagulation, rate versus rhythm control, and stroke prevention as they apply to this patient.

Мен [clinical role, e.g., cardiologist, pulmonologist, hospitalist] ретінде [condition] ауруы және [key comorbidities] қатар жүретін аурулары бар [age] жастағы [gender] пациентке көрсетіліп жатқан көмекті бағалап жатырмын.

Қолданыстағы клиникалық нұсқаулықтарға сүйеніп, мына бағыттар бойынша ұсыныстарды қорытындылаңыз:

Диагностика және қауіп деңгейін анықтау

Бірінші және екінші қатардағы емдеу тәсілдері

Асқынулардың алдын алу

Содан кейін [relevant risk factors or constraints] ескере отырып, осы нұсқаулықтардың нақты осы пациентке қалай қолданылатынын түсіндіріңіз.

Клиникалық анықтамалық деректерді іздеу және қолдану

I am a neurologist following a 79-year-old patient who had an ischemic stroke 2 years ago with minimal residual deficits. At his most recent visit, he reported memory decline, including losing his phone, and has become more irritable. His functional status in daily activities is mostly preserved. Should these symptoms raise suspicion for dementia, or are they more consistent with normal age-related cognitive changes? Provide a differential diagnosis and explain why it’s likely or not.

Мен [clinical role/specialty, e.g., neurologist, geriatrician, PCP] ретінде [timeframe, e.g., 2 years] бұрын [index neurologic event/condition, e.g., ischemic stroke/TIA/ICH] өткерген, қалдық бұзылыстары [degree of residual deficits, e.g., minimal residual deficits / moderate aphasia / mild hemiparesis] деңгейінде қалған [age] жастағы [gender] пациентті бақылап жүрмін. 

[his/her/their] соңғы қабылдауында [he/she/they] [cognitive concern, e.g., memory decline] туралы айтып, мысал ретінде [example, e.g., losing phone/missed appointments/repeating questions] келтірді. Сондай-ақ мінез-құлқы не көңіл күйінде [behavior or mood change, e.g., more irritable / apathetic / anxious] өзгерісі байқалды. [His/her/their] күнделікті әрекеттерді орындау қабілеті [mostly preserved / mildly impaired / declining] деп бағаланады. Бұл белгілер [condition, e.g., dementia / vascular cognitive impairment / Alzheimer’s disease] бар деген күдік туғыза ма, әлде [normal age-related cognitive changes] жағдайына көбірек сәйкес келе ме? Ажыратпалы диагноз ұсынып, әр диагноздың неліктен ықтимал немесе ықтимал емес екенін түсіндіріңіз.

Емдеу тактикасын таңдауда ұйымыңыздың жүйесін пайдалану

Summarize the recommended initial evaluation for new cognitive concerns in an older adult with prior ischemic stroke. Use our organization’s approved pathway if available and link to the relevant sections. Include key red flags, the focused history/exam (including collateral and meds), recommended screening tool(s), baseline labs, and when imaging is indicated.

Анамнезінде [relevant history, e.g., prior ischemic stroke, heart failure, diabetes] бар [age] жастағы [gender] пациентте [clinical problem, e.g., new cognitive concerns / new weakness / unexplained weight loss] байқалса, ұсынылатын бастапқы тексеруді қысқаша сипаттаңыз. 

Ұйымымызда [approved pathway / local guideline / service-line protocol] бар болса, соны пайдаланып, тиісті бөлімге немесе құжатқа сілтеме беріңіз. 

Негізгі қауіпті белгілерді, нысаналы анамнез жинау мен тексеруді (соның ішінде [collateral sources, meds, or risk factors]), ұсынылатын скрининг құралдарын, бастапқы зертханалық талдауларды және бейнелеу зерттеулеріне [or specialist referral] көрсетілімдерді қамтыңыз.

OpenAI академиясымен білім алуды жалғастырыңыз

Практикалық ЖИ дағдыларын дамытуға көмектесетін қосымша нұсқаулықтар мен ресурстармен танысыңыз.